Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектептерде жаңажылдық отшашуларға тыйым салды

Мектептерде жаңажылдық отшашуларға тыйым салды

Қырғызстан Білім және ғылым министрлігі мектептер мен балабақшаларда жаңа жыл мерекесіне орай фейерверктер мен салют атуға тыйым салды, деп хабарлайды baq.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігі шығарған бұйрықта пиротехникалық заттардың ешбір түрін пайдалануға рұқсат берілмейтіні айтылған.
Білім беру бойынша аудандық және қалалық басқармалар өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын қадағалап, балалар мен ата-аналар, мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.
Қазіргі кезде Қырғыз елінде 2,5 мыңға жуық мектеп бар, онда 1 млн-нан астам оқушы білім алып жатыр.
Осы аптада барлық балабақша, мектептерде жаңа жыл мерекесі тойланып, оқушылар қысқы демалысқа 1 қаңтардан бастап шығады. Үшінші тоқсан 14 қаңтарда басталады.
Білім және ғылым министрлігінің қатаң бұйрық шығаруына өткен жылы отшашу салдарынан оқушылар түтінге уланып, сол бойынша министрліктер арнайы комиссия құрылуы себеп болған.

25 желтоқсан 2018 ж. 429 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области