Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 200 баланың жүзіндегі қуаныш

200 баланың жүзіндегі қуаныш

Жалағашта аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агентігі.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жаңажылдық кешке жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ауданның ағымдағы жылғы жетістіктеріне тоқталып өтті.
Салтанатты шарада кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Мадиева сөз алып, бүлдіршіндерді жаңа жылдарымен құттықтады.
Кеш барысында балалар ән салып, өз өнерлерін паш етті. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Салтанатты шарада мерекелік дастарханда жайылып, 100-ден аса балаға тәтті-дәмділер үлестіріліп, әр балаға сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандағы мүмкіндігі шектеулі 200 балаға сыйлықтар таратылатын болады.

28 желтоқсан 2018 ж. 446 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области