Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда түрлі этнос өкілдері концерт қойды

Сырдарияда түрлі этнос өкілдері концерт қойды

Бірлік пен берекенің түпқазығы саналатын Сырдария ауданында түрлі этнос өкілдерінің мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертке аудан әкімдігіне қарасты мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ауданымыздағы бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға аудан басшысының атынан алғыс білдірді.
Іс-шарада түрлі этнос өкілдері ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында бірқатар азаматар аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Айта кету керек, 2015 жылы Тереңөзек кентінен «Достық үйі» ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде «Достық үйі» аудан көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп отырған орталық қана емес, жүзі басқа жүрегі бір, түрі басқа тілегі бір сан ұлттардың өкілдері бас қосатын, ортақ мерекелік даталарға орай рухани-мәдени іс-шаралар өткізетін құтты мекенге айналды.
14 желтоқсан 2018 ж. 540 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области