Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы мақаласы тарихымызға жасалған тың зерттеу

Елбасы мақаласы тарихымызға жасалған тың зерттеу

Бұл туралы Сырдария ауданында өткен кездесуде профессор, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дала өркениетін жаңғырту мақсатындағы кездесуге аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ұстаздар мен жастар қатысты. Кездесуде Бағдат Кәрібозұлы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдірді.
«Елбасымыздың тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы ойларында тарихи мұрамыздың мол екеніне ерекше мән берілген. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Жалпы, Елбасы мақаласы тариыхымызға жасалған тың зерттеу», - деді Бағдат Кәрібозұлы.
Қызылорда облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде орталықтың бөлім басшылары Ә. Әбдізалықова, С.Қосан, Б.Нұриман, Г.Әшірбековалар сөз сөйлеп, Елбасы мақаласының мәні мен маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев құрметті меймандарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кету керек, аталған кездесуден бөлек, аудандық мекемелер үйінде семинар өткізілді.
13 желтоқсан 2018 ж. 470 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области