Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Архив - алтын қорымыз

Архив - алтын қорымыз


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттық тарихымызға тереңірек үңіліп оның күрмеулі түйінін шешуге арналған.
Зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралады деп көрсете отырып кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың өз заманындағы озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін атап көрсетті.
Осы мақалада көтерілген мәселенің бірі біздің дүние танымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінін, қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің алуан түрлі оқиғаларын зерттеу үшін құжаттарды сақтайтын архив мәселесіне аса зор мән бергені бізді қуантты.
Елбасы мақаласындағы бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса ғылыми айналымға түспей, олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр деп атап өтті. Осы ретте «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау керек деген ұсынысын бүкіл Қазақстандық архив қызметкерлері зор қуанышпен қолдайды деп сенемін.
Сонымен бірге архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет деп тапсырма берді.
Қуанышбек Досниязов,
Қармақшы аудандық архивінің басшысы
27 қараша 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области