Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауруханасы неге суық?

Қазалы ауруханасы неге суық?

«Қазалы ауруханасы неге суық?» «Заң Заңғары» құқықтық компаниясы бірер күн бұрын өзінің фейсбуктегі парақшасында осындай тақырыппен жазба қалдырған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.


Құқықтық компания: «Қазалы ауруханасына емделуге келген тұрғындар іштің суықтығынан емханада жатып салқын тиіп ауырып жатыр. Әсіресе, балаларға қиын боп тұр», – деп жазады.
Көп уақыт өтпей аудандық аурухананың өкілі Бақыт Алишева құқықтық компанияның сұрағына жауап берген.
Онда: «Ауа-райының курт өзгеруіне байланысты аудандық аурухананың балалар бөлімінде температура төмендеді. Осыған орай тиімді температураны сақтау мақсатында шаралар жасалып жатыр. Қазіргі таңда палаталарда бөлме температурасы 21-22 сынап бағанасын көрсетіп тұр. Алдағы уақытта ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиындықтарға түсіністікпен әрі сабырлықпен қарауға шақырамын», – делінген.
Бұл мәселеге орай Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері Гүлжиһан Нысановаға хабарласқан болатынбыз.
Бас дәрігердің айтуынша, аурухананың бірінші қабатындағы бірнеше бөлмелердің іші жылымаған. Оған себеп, бұл бөлмелердегі терезелерден жел улеп, бөлме температурасын күрт төмендеткен. Алайда олқылықтар дереу түзетілген.
«Заң Заңғары құқықтық компаниясының өкілі Рауан есімді жігіт келіп ауруханадағы жағдайды бақылады. Жаңа ғимараттың талапқа сай жұмыс жасап тұрғанын көріп, «асығыс кеткен ақпарат» деп баға берді», – дейді бас дәрігер.
Сонымен қатар аурухана бас дәрігеріне ғимаратты салған мердігер компания басшылығы алдағы уақытта бірінші қабат терезелерін қалыпқа келтіруге уәде берген.
04 қаңтар 2019 ж. 658 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области