Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті Сырдария жырып кетті

Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті Сырдария жырып кетті

Сырдария өзенінің суы Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті жырып кетті. Алайда, қалаға төніп тұрған қауіп жоқ. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев осылай деді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Astanatv арнасына сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, былтыр жаңадан салынған қорғаныс бөгеті апаттың алдын алған. Десе де мамандар Сырдария әлі де мінез танытуы мүмкін екенін жасырмайды. Сол үшін 79 эвакуациялық бекет дайындалған. Құм толтырылған қаптар мен жанар-жағармай да әзірленіпті. Тіпті екі тікұшақ алуға «Казавиақұтқару» мекемесімен келісім де жасалған.
Ғабит Жаңабаев, Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі күні Сырдария өзені бір қалыпты жағдай деп айтуға болады. Былтырғы жылға қарағанда қазір Қызылорда қаласының тұсында 30-35 сантиметрге төмен. Екі күн бұрын ескі қорғаныс бөгетінен үстерінен су ағып, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді. Ескі қорғаныс бөгетті қалыпқа толық келтірілді сол мезгілде.
Жаңа қорғаныс бөгеті былтыр салынған болатын. Ол шамамен 10 шақырымға созылған. Оған үкіметтен 2 миллиард 656 миллион теңге бөлінген еді. Бұдан бөлек, қауіпті аумақтарды қалпына келтіруге облыс бюджетінен 225 миллион теңге жұмсалды. Басқарма басшысы бұл жұмыстар биыл да жалғасады деп отыр.

09 қаңтар 2019 ж. 525 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области