Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 билет жинап 3 мың теңге ал

15 билет жинап 3 мың теңге ал

«Қызылорда» автобус паркі» қаладағы бірнеше бағыт жолаушыларына керемет акция ұйымдастыруда, деп хабарлайды kyzylordatv.kz.

Бар болғаны маршрутқа мінген 15 билетіңізді жинау арқылы үш мың теңгелік купонға қол жеткізе аласыз.
Қоғамдық көлікке мінген әрбір жолаушыға билет берілуі тиіс. Міне осы ережені қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған акцияға кез-келген жолаушы қатыса алады. Яғни, «Bus.senim.kz/bilet» сайтына билетіңіздің фотосын жүктесеңіз немесе «SENIM» қосымшасын пайдалану арқылы ұтыс ойынына қатыса аласыз.
«Акцияда 15 билет бір адам болып есептелініп, 3 мың теңгелік купон алуға мүмкіндік бар. Бұл купон арқылы Қызылорда қаласындағы «SMALL» сауда үйінен жолаушы өзінің тұрмыстық затын алуға мүмкіндік туындайды», - дейді «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов.
Аталған акция қала ішілік №1, 11, 14, 17, 18 және 30-шы бағыттар бойынша ұйымдастырылып отыр. Осы арқылы жолаушылар мен қоғамдық көлік қызметкерлері арасында өзара сенімді күшейту көзделуде.
«Бұл өте құптарлық бастама. Біз қолдаймыз. Осы арқылы біздің жұмысымыз да көрінеді», - дейді кондуктор Досжан Бекенов
Айта кетейік, акция 8 қаңтардан 8 ақпанға дейін жалғасады. Осы аралықта 170-тен астам сертификат ойнатылмақ. Ендеше күнделікті қоғамдық көлікке мінген билетіңіз арқылы-ақ қажетті затыңызды қамдап алуға асығыңыз!


10 қаңтар 2019 ж. 705 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области