Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы ойын, спорт алаңдарының жағдайына балалар алаңдаулы

Қызылордадағы ойын, спорт алаңдарының жағдайына балалар алаңдаулы

Қызылордада ауладағы ойын алаңдарының сәні қашқан. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz Astanatv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Біраз жыл бұрын көпқабатты үйлердің маңында пайда болған ойын-спорт алаңдары тұрғындарға қуаныш сыйлаған еді. Бірақ, соңғы жылдары олардың сыйқы кете бастады. Бұл көрініске тұрғындар алаңдаулы. Әсіресе, балалар: «бүлінген алаңдар дер кезінде қалпына келтірілсе екен» дейді.
Нұрмұхаммед Базарбай:
– Ойнайтын вообще жер жоқ тұғын, машиналар толып тұратын. Бұл салынып еді, бәрі ойнауға келді. Ойын алаңы, футбол алаңы салынды. Кішкентайларға да рахат болды. Қазір сынық, барлық жері жыртылып, сынып болған. Тесік футбол алаңы, баскетболымызда сеткасы жоқ, сынық. Үлкендер осыған мән берсе деген ойымыз бар.
Кішкетай Нұрмұхамедттің базынасына әкім орынбасары жауап берді. Қалада төрт жүздің үстінде ойын-спорт алаңы бар дейді. Оның отыз пайызы демеушілердің қаражатына салыныпты. Соңғы бес жылдың өзінде жүз елуге жуық алаң пайда болған. Жергілікті бюджеттен жыл сайын оны жөндеуге 14 миллион теңге бөлінеді. Шенеунік тұрғындарды қолда барды күтіп ұстауға шақырады.
Берік Сәрменбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:
– Ол жерде мысалы, біз барып сыңдырмаймыз. Соны өздері де қарап, жұмыс жасауға болады ғой. Бізде жыл сайын ойын-сауық алаңдарына қаражат бөлінеді, ремонтына. Краскілеуіне, кеткен жерлерін жөндеуге соған қаражат бөлініп отыр мемлекеттен.


18 қаңтар 2019 ж. 493 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области