«Еліміздің ең әдемі қаласы»: Қызылорда үшінші орында
«Еліміздің ең әдемі қаласы» анықталды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде рейтингте Шымкент көш бастады. Ал екінші орынға - Алматы, үшінші орынға – Қызылорда жайғасқан. Киелі Түркістан өңірі - төртінші орынға табан тіреді. Бесінші орынға - Ақтау, алтыншы орынға - Ақтөбе ие болған.
Сондай-ақ үздік ондыққа Астана, Өскемен, Атырау мен Семей қалалары да енген.
Ал ең аз дауыс жинағандардың қатарында: Тараз, Орал, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды қалалары бар.
Қазақстанның ең көрікті қаласының соңғы сатысында - Павлодар шаһары тұр.