Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ресей мемлекеттік думасының депутаты қызылордалық полицейді қонаққа шақырды

Ресей мемлекеттік думасының депутаты қызылордалық полицейді қонаққа шақырды

Саясаткер қазақстандық полиция қызметкері өзінің кәсіби деңгейін қалай көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Алексей Журавлев қызылордалық полицейдің әрекеті туралы айтты және оған алғысын білдіріп, Мәскеуге қонаққа шақырды.
Ресейлік депутаттың ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдаған видео жолдауынан белгілі болғандай, оқиға 2017-жылдың мамыр айында болған. Алексей Журавлев Қазақстанда саяхаттап жүріп, Қызылордаға табан тіреген. Кеш батып, қас қарайған шақта ер адам қала ішінде бағытынан жаңылады. Сол сәтте полиция қызметкері Жасұлан Өксікбаев өзі тоқтап, қалаға қыдыра келген қонақты қонақ үйге жеткізіп салған.
Алексей Журавлев ҚР ІІМ басшылығын қол астындағы қызметкердің әрекетін елеусіз қалдырмауды сұрады.
Айта кеткен жөн, Журавлев аталған оқиғамен артынан ресейлік телебағдарламалардың бірінде бөлісіп, қазақстандық заң өкілінің кәсіби деңгейі мен бауырмалдығын атап өтті.
Депутат таяуда ғана РФ Мемлекеттік думасындағы өзінің жұмыс кабинетінен Жасұлан Өксікбаевқа видеожолдау жазды. Ол сол сапарында елді аралау үшін Қазақстанға қарапайым азамат ретінде келгенін айтты. Алматыда, Шарын шатқалында және тағы басқа орындарда болғанын атап өтті. Ал Қызылорда оған тіпті жаңалық болыпты. Соның ішінде Жасұланның еңбегі да бар.
"Мықты полицей болғаның үшін саған мың алғыс... ...Құшақтадым, қонаққа күттем",- деп түйіндеді депутат.


25 қаңтар 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области