Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда бірнеше саябақ салынды

Қазалыда бірнеше саябақ салынды

Былтыр Қазалы ауданы Ақтан батыр, Пірімов, Ақсуат ауылдарына орталық саябақтар салынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Бозкөл, Шәкен, Бірлік, Сарбұлақ елді мекендерін абаттандыруға аудандық бюджеттен 71 млн. теңге бөлінген.
Ал Қазалы қаласына газ апару үшін тиісті қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, демеушілік есебінен Ғани Мұратбаев ауылына көгілдір отын жеткізу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Әйтеке би кентінде қалып қойған тұрғын үйлерді толықтай газ желісімен қамту үшін аудандық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініп, жоба әзірленген. Бұл жайында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп беру жиынында баяндады.
Аудан басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді де жеткізді. Өткен жылдың басында аудан бюджеті 14 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл соңында 20 млрд. теңгеден асқан.
Жалпы, Қазалы ауданы бюджет көлемі бойынша облыста Қызылорда қаласынан кейінгі орында.
28 қаңтар 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области