Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сол жағалауды топан судан қорғау үшін бөгеттің кейбір бөлігін бетондау керек

Сол жағалауды топан судан қорғау үшін бөгеттің кейбір бөлігін бетондау керек

Қызылорда қаласының сол жағалауын топан судан қорғау үшін бөгеттің кейбір бөлігін бетон қабырғадан тұрғызу керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені оның құмын қайта-қайта су шайып кетіп, беріктігіне нұқсан келтіруде.
Бұған дейін жаңа қала бой көтере бастаған сол жағалауға 10 шақырымдық бөгет салынған болатын. Оның 1,4 шақырымы қойтаспен шегенделді. Осы шаралардың нəтижесінде қалаға қауіп төндірген мол су аймақтан аман-есен өткізілді.
Жаңа қаланың қорғанысы соңғы технологияға сай салынды. Балтық жүйесімен 130 метрлік деңгейге дейін көтерілген бөгеттің ені 6 метрді құрайды. Топан суға төтеп беру үшін оны қой тастармен қалаған.
«Соңғы екі жылда үкімет резервінен Қызылорда қаласының тұсында сол жағалауды сақтау бойынша 2,9 млрд теңге қаржы бөлініп, осы 10 шақырым қорғаныс бөгеті салынды. Бұл технология қой таспен 1 метр салынған. Сонымен қатар тастың астына геотекстиль материалы салынған», - дейді облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шəменов.

Қаңтарда Сырдарияның кейбір тұсында су деңгейі шектік өлшемге жақындағаны белгілі. «Осы мол суды қала аумағынан қауіпсіз өткізуге аталған құрылыстың көмегі тиді», – дейді мамандар. Дегенмен өзен иіндеріндегі құм шаю тоқтар емес. Сондықтан осындай қауіпті тұстарды арнайы технологияға сай бетон қабырғалармен көмкеру керек.
«Екі жерге бетондық қабырға салу керек, қорғаныс бөгетінің алдына. Бұл жобада қарастырылған. Оның құны – 2,1 млрд. Осы жұмыстарға бір жерден 500 метр, бір жерден 1 км 300 метр, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым жерге бетондық қабырға салу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты біз қазір Қазақстан Республикасы Үкіметімен жұмыс жасап жатырмыз, жобаны жүзеге асыруға», - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Мамандар алып құрылыс алаңына айналған сол жағалау аумағын қорғау əрі жаңа бөгеттің беріктігін сақтау үшін жағалауды бетондау жұмыстарын биылдан қалдырмай аяқтау маңызды екенін айтады.

30 қаңтар 2019 ж. 420 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области