Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медицина маманының мәртебесі партия бағдарламасына ұсынылды

Медицина маманының мәртебесі партия бағдарламасына ұсынылды

Қызылордалық дәрігерлер «Медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік жағдайы партия бағдарламасында қамтылса дейді. Бұл туралы Сырдария аудандық партия филиалына қарасты «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының жиналысында айтылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Айта кету керек 1 наурызда «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Айтулы датаға орай ақпан айының 27 –сі күні партияның кезекті ХVIII съезі өтпек. Әрине, бұл отырыста жаңа бастамалардың бастау алатыны белгілі. Осы жылдар ішінде күрделі экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайларды назарда ұстап, өзінің іс-қимыл бағдарламасында басты мақсат ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды белгілеп, бұлжытпай орындап келген партия ендігі 10 жылдыққа арналған бағдарламасын қабылдамақ. Бүгінде партия құрылымдарында аталмыш бағдарлама қызу талқыланып жатыр.
Сырдария аудандық партия филиалына қарасты «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының жиналысында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланып, партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. Сондай-ақ өткенге көз жүгіртіп, партия құрылған 20 жыл ішіндегі жұмыстар сараланды.
Жиынның күн тәртібімен таныстырған «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық аурухананың бас дәрігері Нұржамал Мырзағалиева алдымен партия тарихына тоқталды.
-Өткенге көз жүгіртсек партиямыздың тархы 1998 жылдың 21 қазанында «Қазақстан Пре¬зи¬денттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсету үшін құрылған қоғамдық штабтан бастау алды. Араға бір жыл салып қоғамдық қозғалыс саяси партияға айналып, «Отан» рес¬публикалық саяси партиясы деп аталған болатын. Міне, бүгінде Елбасы төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде даму барысы дараланған, биіктігімен бағаланған партияға айналды. Сондықтан іргелі ұйымның пәрменді ісін күн санап арттырмасақ, артқа шегінуге жол жоқ деді.
Сондай-ақ бастауыш ұйым төраймы аурухана жетістіктерін де тілге тиек етті.
- Өткен жылы Сырдария орталық ауруханасында қабылдау бөлімшесі, ауданаралық оңалту, ауданаралық паллиативті көмек көрсету бөлімшелері, гинекология және 2-ші деңгейдегі перзентхана секілді жаңадан 5 бөлімше ашылды. Барлығы заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95% - ға жетті. Мұның барлығы Елбасы, Партиямыздың Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың халық денсаулығын нығайту бағытындағы бағадарламаларының жемісі деп атап өтті.
Жиын барасында бағдарламаны жан-жақты талқылаған «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының мүшелері бағдарламада қамтылған мәселелерді бір ауыздан толық қолдайтындықтарын, соның ішінде қазақстандық медицинаның ең жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибеге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытындағы 3 мақсатқа «Медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік жағдайы да енгізілсе деген ұсыныс білдірді.
Бұл орайда «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып «Нұр Отан» партиясы бағдараламада қай сала болмасын назардан тыс және қолдаусыз қалмауын қамтып отырғандығын атап өтті.
Жиын барысында күн тәртбіне сәйкес аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланып, шара соңы салтанатты түрде партия белсенділеріне «Алғыс хаттар» мен жаңадан партия құрамына кірген азаматтарға партия билеттері табыстау рәсімімен аяқталды.

30 қаңтар 2019 ж. 557 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области