Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жер қорына ревизиялау жұмыстары жүргізілді

Жер қорына ревизиялау жұмыстары жүргізілді

Елбасының тапсырмасына сәйкес республика аумағында қолда бар жер қорына талдау (ревизиялау) жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов мәлімдеді.
Ревизиялау жұмыстарында нақты жер учаскелердің меншік иелері туралы ақпараттар жинақталып, оны мемлекеттік жер кадастры базасына және әділет органдары жүргізетін құқықтық базаға енгізеді.
Өткен өнеркәсіп, қорғаныс және өзге де жерлер санаты мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санаттары ревизияланды. Ревизиялау нәтижесінде аудандық, жер есебі, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар қорының, құқықтық кадастрдың деректері нақтыланды.
«2018 жылы 397,9 мың гектар өнеркәсіп мақсаттағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері және облыс, аудан орталықтарының жерлеріне, оның ішінде 8 елді мекендегі көлемі 57,9 мың гектар, 101802 учаскеге талдау жұмыстары толық аяқталды», - деді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов.
Биыл орман, су, босалқы жерлер қорына талдау жасауды жүргізу, барлық санаттар бойынша 3 жылдық ревизиялау жұмыстары қорытындыланады.
31 қаңтар 2019 ж. 619 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области