Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 1 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Ешкімге қарызға ақша бермеңіз. Өйткені ол ақша өзіңізге қажет болып қалуы мүмкін. Даңғаза кештерге барудың қажеті жоқ. Бос уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз.

Торпақ
Бүгін өте ашулысыз. Ашу үстінде айтылған ойларыңыз ақылға қонымсыз болуы мүмкін. Әлбетте ондай ойларыңыз әлдекімнің жанын жаралайды және өзгелермен кикілжің туындайды. Романтикалық кездесудің өзі ұрыспен аяқталады. Ішімдік ішуден аулақ болыңыз.

Егіздер
Жақсы табыс табуға мүмкіндік туып тұр. Нәзікжанды «егіздерді» жаңа таныстықтар күтуде. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, бүгін бұл салада белсенділік танытасыз. Өзгелермен әңгімелесу барысында абай болыңыз.

Шаян
Тапсырманы орындау барысында өзіңізге шектеу қоймаңыз. Істі соңына дейін апарыңыз. Шыдамды, сабырлы бола біліңіз. Әйтпесе, өзіңізге өзгелерді жау етіп алуыңыз мүмкін. Бір сарынды жұмыс сізді шаршатып жүрген болар. Алдымен сабырлылық сақтап, алға мақсат қойыңыз.

Арыстан
Өте тамаша күн. Әлдебір істе екіжақты мәмілеге келуге немесе неке қидыруға болатын күн. Дәулетті танысыңыздың немесе достарыңыздың көмегі сіздің табысқа жетуіңізге әбден көмектеседі. Кез келген істі қолға ала беріңіз.

Бикеш
Бүгін сіз дұрыс, әрі нақты шешім қабылдайсыз. Алдағы күндерді аздап болжайтындығыңыз бар болса, бүгін ғарыштан «ақпарат» аласыз. Рухани іспен айналысатындар күш-қуатын тепе-теңдікте ұстап, қажетті құпия білімге ие болады.

Таразы
Ақша жинауға, лауазымды тұлғадан көмек сұрауға өте қолайлы күн. Бүгін сіз өз болшағаңыздың іргетасын қалауыңыз мүмкін. Егер ашуға беріліп, кикілжің тудырар босаңыз өз болашағыңызға балта шабатыныңызды ұмытпаңыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн іскерлік келіссөздер жүргізіп, келісім шарттарға қол қоюға қолайлы күн. Жаңа таныстарыңыз алдағы уақытта өз көмектерін көрсететін болады.

Мерген
Лауазымды тұлғаның немесе достарыңыздың көмегіне жүгіну арқылы табысқа қадам жасайсыз. Кез келген іске білек сыбана кірісе беріңіз. Алайда әр ісіңізді әбден ой елегінен өткізіп алыңыз. Ашуға берілу, асығыстық бүкіл жоспарыңызды бұзады.

Тауешкі
Барлық мәселе өз кезегімен шешімін табады. Жұбыңызбен арадағы қарым-қатынасты жақсартудан бастап, қиын деген мәселелердің өзі тез-ақ шешілетін болады. Бірақ көп сөйлеп, қадіріңізді қашырып алмаңыз. Өзіңіз айтқан әңгімелер өз жүйкеңізді тоздыруы мүмкін.

Суқұйғыш
Өміріңіздің жаңа парағын ашыңыз. Мұнда барлығын өзгерткеніңіз жөн. Киім киісіңізден бастап, өмір сүру қалпыңызды да өзгертіңіз. Егер маңызды ақпарат алуды ойлап жүрсеңіз, оны бүгін қолға алғаныңыз жөн. Сапарға шығуға және техникалық бұйым алуға қолайлы күн.

Балықтар
Шаш үлгіңізге мән беріңіз. Бүгін жаңа киім, зергерлік бұйым алар болсаңыз өз таңдауыңызда қателеспейсіз. Жақындарыңызға сый-сияпат жасауға асығыңыз.

Дайындаған Динара МАХАНОВА
01 ақпан 2019 ж. 398 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области