Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 ақпан: атаулы күндер мен оқиғалар

1 ақпан: атаулы күндер мен оқиғалар

Қытай халқының Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі. Аяз күші саябырсып, көктемнің алғашқы лебі сезіле бастау құрметіне үш күн қатарынан тойланады.
Иранда ислам революциясының күні. Бұл мереке 1979 жылы ақпанның 1-інде көп жылдар бойы айдауда болған Рухолла Мусави Хомейни имамның елге оралуымен байланысты. Дәстүрлі мерекелі шараның өз атауы «Фаджр» - «Таң сәрі» деген мағынаны білдіреді.

1997 жылы «Қазмырыш» АҚ бірыңғай өндірістік-экономикалық кешен ретінде жұмыс істей бастады. Акционерлік қоғам тау-кен, кен байыту, энергетика, жөндеу және металлургия зауыттары негізінде құрылды. Сонымен қатар оның құрамына Бұқтырма су электр стансасы және Текелі қаласындағы кәсіпорындар кешені кіреді.

2001 жылы Петропавл қаласында «Асыл мұра» тарихи-мәдени, ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды. Орталықтың негізгі міндеті - Солтүстік Қазақстан облысының атақты адамдары туралы мәліметтер мен материалдар жинау. «Асыл мұра» Тоқсан би, Қожаберген жырау, белгілі ақын Баймағанбет Ізтөлин туындыларын, көрнекті жазушылар С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мерейтойларына арналған шағын сувенирлік кітаптар, ақын М.Жұмабаевтың «Жыр жұлдызы» деп аталатын сувенирлік өлең жинағын әзірлеп, жарыққа шығарды.

2005 жылы
Израильде Қазақ киносының күндері өтті. Қазақ киносын таныстыру үшін Израильға «Қазақфильм» өкілдері және бас директоры Сергей Әзімов бастаған танымал қазақстандық режиссерлардан тұратын делегация барды. Тель-Авив, Хайфа және Иерусалим қалаларында Қазақ киносы күндерінің салтанатты ашылуы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Семей ядролық полигоны маңында тұрған адамдардың тағдыры туралы баяндайтын «Қызжылаған» фильмін таныстырды. Қазақстандық кинотүсірушілер Израильға түрлі жанрдағы алты фильм апарды.

2010 жылы Венада 2010 жылғы маусымның «Астана» велоқұрамасының ресми таныстырылымы өтті. 3 жыл бұрын (2011) Алматыда VII Қысқы Азия ойындары аясында Орталық көрме залында Алматы қаласы әкімдігінің Қысқы Азиада ойындары-2011 дирекциясы және Көркемсурет көрмелері мен аукциондар дирекциясы ұйымдастыруымен «Тағылымдылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды.

2012 жылы Астанада халық жазушысы Сәкен Жүніс тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
01 ақпан 2019 ж. 566 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области