Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Әлсейіт» көпірі биыл пайдалануға беріледі

«Әлсейіт» көпірі биыл пайдалануға беріледі

Республикалық және облыстық бюджеттерден Қазалы ауданына 1 млрд. 566 млн. теңге бөлініп, аудандағы жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, 2019 жылға аудандық маңыздағы жолдарды күрделі және орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 1 млрд. 573 млн. теңге берілген.
«Бұдан басқа, елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 194,6 млн. теңге, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 89 млн. теңге қаралды. Жол жөндеу жұмыстарымен қатар, көпір құрылыстары да жүріп жатыр. «Әлсейіт» көпірінің құрылысына 2017-2018 жылдарға 1 млрд 565 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жасалды. 2019 жылға көпір құрылысына 1 млрд. 127 млн. теңге қаржы берілді. Биыл ел болып көптен күткен көпірдің игілігін көреміз деп отырмыз. Ал, «Қарлан» учаскесіне көпір салу облыс әкімінің қолдауымен САРАТС-2 жобасына енгізілді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, көпірдің техникалық экономикалық негіздемесі алынды. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – дейді аудан басшысы.
Сонымен қатар, өткен жылы Қожабақы-Бекарыстан би аралығындағы «Аяған» көпірін жөндеу жұмыстары басталды. Биыл жұмысты жалғастыруға 76 млн. теңге қаржы қаралған.
02 ақпан 2019 ж. 880 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области