Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы екі жүз мыңнан астам көліктің 68 мыңы ғана ресми техникалық байқаудан өткен (видео)

Қызылорда облысындағы екі жүз мыңнан астам көліктің 68 мыңы ғана ресми техникалық байқаудан өткен (видео)

Қызылорда облысындағы екі жүз мыңнан астам көліктің 68 мыңы ғана ресми техникалық байқаудан өткен, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылордада алаяқтар көлікті техникалық байқаудан 5 мың теңгеге өткізіп келген. Техқұжатты он бес минуттың ішінде дайындап береді. Тіпті, көлігіңді әкеліп көрсетудің де керегі жоқ. Мәміленің мән-жайын ватсап арқылы да келісуге болады. Жалған құжат жасайтындар жайлы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттіктің аймақтағы қызметкерлері айтты. Ведомства өкілдері арнайы мониторинг жүргізіп, заңсыз қызмет ұсынушылардың көлеңкелі кәсібін әшкерлеген көрінеді. Олардың көбісін ресми жұмыс істейтін техникалық байқау өткізу орталық маңынан кездестіруге де болады.
Сыр өңірінде екі жүз мың көлік тіркелген. Алайда, жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің дерегінше, солардың үштен бір бөлігі ғана ресми техникалық байқаудан өтіпті.
Бағдат ІЗКЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МҚІСЖҚА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
- Біздің облыста екі жүз мыңға жуық автокөліктер тіркелген болса, оның 68 мың автокөлігі техникалық байқаудан өткені анықталды. Қалған бөлігі не себептен техникалық байқаудан өтпей жүргені немесе жалған техникалық байқаудан өтіп, жалған құжатпен жүрген жөнінде күмән тудыратын мәселелер бар.


12 ақпан 2019 ж. 531 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области