Өрт қауіпсіздігін сақтау - әрбір адамның парызы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша штаб құрылды.
Штабтың негізгі міндеттері: Тұрғын үй секторындағы өрттерді азайту бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік органдармен, сонымен бірге ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алатын болғандықтан жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде штабты құру қажеттілігі туындады.
Динамиканы зерделеу барысы адамдардың қаза болуы мен жарақаттану фактілері тұрғындардың күнделікті өмірде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерінің жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Республика бойынша 2019 жылдың 16 ақпаны республика бойынша - «Тұрғын үй секторының өрт қауіпсіздігі күні» деп жарияланды. Осы ретте тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 2019 жылдың 16-17 ақпанында Төтенше жағдайлар департаментінің және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдіктері, «ТЖ еріктілері» жобасының еріктілері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының, «Өрт сөндіруші» АҚ, «Бекзат-Сервис KZ» ЖШС жұмысшылары, «Абылай хан» атындағы колледждің студенттері, БАҚ өкілдері жұмылдырылды.
2019 жылдың 16-17 ақпанында облыстағы 7077 тұрғын үй араланып, 39787 тұрғынға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді. Бұл түсіндіру жұмысын "Qyzylorda" телеарнасының тілшілері көпшілікке жариялады.
Қызылорда облысы ТЖД