Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Қызылордада адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Қызылордада адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына айыпты жүргізушіні табу үшін аймақ тұрғындарынан көмек сұрауда.
«Биылғы жылдың қаңтар айының 20-күні кешкі 20 сағат 00 минут шамасында белгісіз жүргізуші белгісіз автокөлігімен Қызылорда қаласы, Шевченко көшесі №102 үйдің тұсында көшенің бойында екі азаматты қағып, салдарынан бір адам қайтыс болып, автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша білген, көрген, естіген куәлар болса, Қызылорда ОПД-нің 29-70-10, 29-70-60, 29-50-46 байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарламашы туралы мәліметтер жарияланбайтындығына кепіл береміз», – делінген департамент таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, полиця департаменті Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53 бабына сәйкес, кінәлі жүргізуші өз айыбын мойындап келсе, қылмыстық жауаптылығы жеңілдейтінін хабарлап отыр.
19 ақпан 2019 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области