Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Отандық кәсіпкерлер Ташкентте өтетін сауда-экономикалық миссияға қатыса алады

Отандық кәсіпкерлер Ташкентте өтетін сауда-экономикалық миссияға қатыса алады

2019 жылдың 13-14 наурыз аралығында экспортты алға жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде Ташкент қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Іс-шараны «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда. Миссияның мақсаты – тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынастарды жандандыру, сонымен қатар екіжақты кездесулерді өткізу.
Қазақстанның тамақ және құрылыс өнімдерді Өзбекстанға экспортауда үлкен әлеуеті бар. Бұл өнім түрлері басқа елдерден әкелінетін тауарлардан гөрі бағалық артықшылықтарға ие. Осыған байланысты сауда-экономикалық миссия жоғарыда аталған салаларға назар аударады.
Қазақстан Сыртқы сауда палатасы сауда-экономикалық миссия шеңберінде келесі шығындарды өтейді:
- жабдықталған мәжіліс залын жалға алу;
-қазақстандық қатысушылардың орналасуы (бір кәсіпорыннан 1 адамнан артық емес және миссия өтетін ресми күндер аралығында);
-қатысушылардың миссия өтетін ел ішінде трансферті.
Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктік шығындар және т.б.) қатысушылар өздері көтереді.
Сауда-экономикалық миссияға қатысам деушілерді 24 ақпанға дейін мына сілтемедегі өтінімді толтыруды сұраймыз.
Сұрақтар бойынша: Өмірзақ Айнұр Маратқызы, 8(7172) 279056 (204), 8 707 118 80 85, электронды пошта: a.omirzak@atameken.kz және Абдраманов Әлибек Калдыбекұлы, 8 702 777 32 91, электронды пошта: abdramanov.alibek@gmail.com.
20 ақпан 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области