Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

26 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

1993 жылы ел шекарасының бүтіндігін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы» Заң күшіне енді.

2008 жылы Павлодар облысының Қашыр аудан орталығында «Нас породнила качирская земля» атты жинақтың таныстырылымы болды. Кітаптың жетпіс бетінде мұрағат құжаттары, суреттер және аймақтың әлеуметтік инфақұрылымына және ауыл шаруашылығының дамуына өз еңбектерін қосқан ардагерлердің естеліктері жарияланған. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары облыстың үздік аудандарының бірі болды. Мұнда егін егіп, жаңа агротехникалық әдістерді қолданды, мал шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудан орталығында мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет үйлері және кітапханалар салынды.

2009 жылы Алматыда режиссер Константин Харалампидистің «Алатаудың киелі биігі» деген деректі фильмін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Алатаудың киелі биігі» фильмі қиын-қыстау замандарда отандарынан ықтиярсыз Қазақстанға айдалған адамдар үшін қазақ халқының бауырмалдығы, олардың жәрдемі үлкен қуат берді. Фильмнің идеясы да өзге діндегі, өзге ұлтты адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді паш етуді көздейді.

2009 жылы Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тұңғыш рет он-лайн жүйесінде астықтың биржалық саудасын өткізді. Шара халықаралық астық конференциясының аясында өтті.

2010 жылы Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да қазақстандық кәсіпорындар мен «Шнейдер Электрик» ЖШС француз компаниясының қатысуымен энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар даярлау жөнінде алғашқы Қазақстан-Француз орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

2010 жылы Қазақстанда энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында мамандар дайындауға арналған Қазақ-Француз орталығы ашылады. Орталық «Шнайдер Электрик» компаниясы жеткізген заманауи техникалармен, зертханалармен жарақтандырылды.

2011 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақтың 100 әні» тележобасы басталды. 2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс тиындары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» тиындарын шығарды.

2012 жылы
К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсының премьерасы өтті.

2013 жылы Қытайдағы Қазақстанның елшісі Нұрлан Ермекбаев Боаолық Азиялық форумының Хатшылығынан ҚР Президенті Н.Назарбаевты БАФ 12 сессиясына қатысу туралы шақырту алды.
26 ақпан 2019 ж. 369 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области