Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкер жұмысшыларына үй салып беруде

Кәсіпкер жұмысшыларына үй салып беруде

Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Киров ауылында жергілікті кәсіпкер өз жұмысшыларына үй салып жатыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған игі дәстүрдің нәтижесінде елді мекенде қазір 20 шақты отбасы баспаналы болып отыр. Ал негізі серіктестікте 140 адам еңбек етеді. Олардың барлығы да әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген.
Ауылдағы бұл жаңа үйлер қазір бірнеше көшеге сән беріп тұр. Солардың бірінде Қызылорда облысынан көшіп келген Нақыповтар отбасы тұрады. Отағасы Ақылбек жергілікті серіктестікте жүргізуші болып жұмыс істесе, жұбайы Гүлнәр – ауыл медбикесі. «Өткен күзде ғана қоныс тойын тойлаған олар барлық жағдайымызды жасап отырған соң ба, солтүстік аймаққа тез үйренісіп кеттік», – дейді әзілдеп.
«Үй жаңа. Ішінде керекті заттар бар. Жағдайын жасап қойған. Жұмысымыз да бар. Балаларымыз сабақта. Біреуі балабақшаға барады. Жағдайымыз жақсы», - дейді ауыл тұрғыны Гүлнәр Ниязова.
Киров ауылында 500-ден астам адам тұрады. Олардың біразы жергілікті серіктестен екі қолға бір күрек тауып отыр. Ал кәсіпкердің берген баспанасында жұмысшы 10 жыл тұрақты тұрып, яғни серіктестікте табан ауыстырмай еңбек етсе, үйді өз атына жекеменшік иелікке түсіріп алуға болады.
«Бұл үйлерді салып жатқанымыз, өздеріңіз білесіздер, адамдардың көбі қалаға кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін жаңа үй салудамыз», - дейді , серіктестік директоры Ұзақбай Шәкеев.

«Қазір көбіне бізге мал дәрігерлері керек. Агроном, инженер сияқты мамандар қажет», - дейді ауыл әкімі Кәмшат Башухина.
Серіктестік енді биыл да тағы бірнеше үйді жаңадан салып, жұмысшыларының ескірген үйлерін де жөндеп бермек. Одан бөлек, ауылды абаттандыру да жомарт жандардың назарынан тыс қалмайды.

01 наурыз 2019 ж. 402 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области