6 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар
1917 жылы 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға рақымшылық жарияланып, Уақытша үкімет бұрынғы әкімшілік құрылымдармен қатар облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына Әлихан Бөкейхан, Жетісуға Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға Халел Досмұхамедұлы, ал Қостанай уезіне Ахмед Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.
1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулылары жарық көрді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 25 жыл бұрын (1992) Қарағанды облысының Егіндібұлақ аудандық кеңесінің шешімімен аталмыш ауданға Қаз дауысты Қазыбек бидің есімі берілді.
2009 жылы Алматы облысының Шамалған кентінде қазіргі заманғы неміс және голланд технологияларын пайдалану арқылы еліміздегі алғашқы жемісті өсіретін, сақтайтын және қайтадан өңдейтін жаңа кешен ашылды.
2012 жылы Лиссабонда қазақстандық-португалиялық СІМ арасында консультация өтті. Келіссөз барысында қазақстандық делегация екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарады. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасын қолдауға баса назар аударылды.
2013 жылы елордалық «Қазақстан» концерт залында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік ансамблінің есепті концерті өтті. Оған Париждегі Ресей музыкалық қоғамының төрағасы және С.Рахманинов атындағы Париж консерваториясының президенті Петр Шереметьев, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Италия жоғары музыкалық оқу орындарының ректорлары қатысты.
2013 жылы Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан халықаралық қоғамдастықта (көпжақты дипломатия очерктері) кітабы таныстырылды.
2014 жылы Берлинде Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл қазақстандық-германдық сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге бағытталған кезекті қадам болды. Шара қорытындысы бойынша, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шығыс герман экономика комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтің Берлинге сапары аясында Германияның Геологиялық ғылым және шикізат федералдық ведомствосының басшысы Ханс-Йоахим Кюмпелмен кездесті. Кездесуде халықаралық стандарттар бойынша қазақстандық кен орындарын қайта бағалау мақсатында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету бойынша мүмкіндіктер талқыланды.
2015 жылы Қазақстан мен Монако қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойды.
2015 жылы Алматыда құрылыс жұмыстарына арналған трикотаж қолғап шығаратын Қазақстандағы бірінші кәсіпорын іске қосылды. Кәсіпкер қажетті жабдықтар мен материалдарды «Бизнестің жол картасы» бағдарлама аясында «Даму» қорының қолдауымен сатып алды.