«Қазақстандағы 100 жаңа есім»: Жеңімпаздармен кездесу
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Асель Далиева мен Сымбат Абдрахманованың TEDTalks форматындағы «Жүзден жүйрік» атты кездесу ұйымдастырылды.
Сымбат Әбдірахманова педагог-психолог қана емес, бірнеше тілді меңгерген аудармашы. Ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультфильмдер шығарып, балалардың танымдық әрекетін арттыруға ықпал етіп келеді.
Әсель Далиева тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы.
Шара барысында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары А.Далиева мен С.Абдрахманова жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, туған еліне жанашырлық танытып, қамқорлық жасаудың үлгісін көрсетті.
Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік универстетінің «Дене шынықтыру және спорт мамандығында» оқыған Әсел Далиева жастармен студенттік шақтарын есіне түсіріп, қызықтарымен бөлісті.
Бәсекелік қабілетін арттыруды, өлкетану бағытындағы білімінің салтанат құруына жол ашуды мақсат еткен бұл шарада Сымбат Нұртазақызы «Ең бастысы өзіңді үздіксіз дамыту, үйренуден, ізденуден жалықпау» деп жастарды бәсекеге қабілетті болуға шақырды.