Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада полицей қыз-келіншектер марапатталды

Қызылордада полицей қыз-келіншектер марапатталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаевтың құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, полиция подполковнигі Зулфия Айдарова «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасы» полиция майоры Лаура Атановаға табысталды.
Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 30 зейнеткері және жүзден аса қызметкерлері марапатталды.
07 наурыз 2019 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области