18 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
2004 жылы ҚР Үкіметінің № 1355 Қаулысына сәйкес, «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» АҚ құрылды. Оның қызметін «Қазғарыш» реттейді.
2005 жылы Алматыдағы Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында «Кілем-киіз бұйымдары» атты көрме ашылды. Мұнда ұлттық ою-өрнекпен әрленіп, түр-түске енген ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіне жататын мұражай қорындағы 500-ден астам еңбектің 30-ы көрмеге шығарылды. Олар - текемет, тұскиіз, алаша, қалы кілем, тақыр кілем сияқты жерге төсейтін, қабырғаға ілетін кілемдер, сырмақтардың сан-алуан түрі.
2009 жылы Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Локомотив» АҚ-ның тапсырысы бойынша «General Electric» компаниясы жасап шығарған жаңа буындағы «Evolutiоn» сериялы тепловоздар қолданысқа берілді.
Жаңа буындағы тепловоздар қазақстандық стандарттарды және еліміздегі теміржол жұмыс талаптарының жағдайларын ескере отырып жасалған. Жүргізуші кабинасы жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалып, қозғалтқыш дыбысын оқшаулағыштар және микроклимат реттегіштері орнатылған. Сондай-ақ жүргізуші жұмысын жеңілдететін микропроцессорлық басқару жүйесі енгізілген.
2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су тоспасының ашылу рәсіміне қатысты.
Көксарай - Арыс ауданында, Сырдария өзенінде салынған су қоймасы.
2015 жылы Астанада Қазақстанның белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбековтің «Алтын олимпиадалық маршрут» атты кітабы таныстырылды.
2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Клиникалық-оңалту кешенінің ашылуына қатысты. 13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ 200 орындық стационары бар кешеннің жалпы аумағы 84 мың шаршы метрді құрайды. Кешен бөлімшелері озық медициналық техникалармен жабдықталған. Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының орденімен марапатталды. Награданы күрес түрлері бойынша Азия Олимпиадалық квалификациялық турнирін өткізу үшін Астанаға келген аталмыш Халықаралық федерацияның президенті Ненада Лалович табыс етті.
2017 жылы Астанада жастарға арналған «GENЕRATION NEXT» жаңа қазақстандық журналдың тұсауы кесілді. Басылым елдегі танымал тұлғалардың өмірі, олардың жетістікке жету жолдары жайлы сыр шертеді, сондай-ақ журнал беттерінде түрлі мамандықтар жайлы айтылатын мақалалар басылады.