"Қою керек қой": Нұрлан Еспанов плагиатқа жүгінетін әріптестеріне шүйлікті
Нұрлан Еспанов өздігінен ізденгісі келмей, плагиатқа жүгінетін отандық әншілерге деген бар өкпесін ашып айтты. Шоу-бизнес жұлдызы өнер иелерінің тым жалқау болып кеткеніне шүйліккен деп жазады "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нұрлан Еспанов қырғыз, түрік және басқа да өзге елдік әншілердің әуенін ұрлауға әзір отандық өнер иелеріне қатысты ойын ортаға салған.
"Негізі біздің әншілеріміз жалқау. Кей әншілерден не істеп жатсың, не істемек ойың бар деп сұрасам, "шетелдің әнін ала салам да, соған қазақша сөз жазып айта салам, кім іздеп жатыр?" дейді.
Композиторларға келіп, осындай стильде ән жазып берші десең, сазгер де, ақын да табылады ғой. Халықтың сұранысы осы дегенді қою керек. Халық әншіге келіп, осындай ән жазшы демейді ғой. Бұлар (ред. ескертпесі – әншілер) өздері іздеп тауып алады ғой. "Мария Магдаленаны" біреу әкеп берген жоқ қой, мынаны айтшы деп", - дейді сазгер.
Қазақстандық шоу-бизнесте плагиат үшін сынға қалғандар арасында Ернар Айдар, Төреғали Төрәлі, Кентал, Асхат Тарғын, Рысбек Аташ және тағы да басқалар бар.