Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бос жұмыстар жәрмеңкесі аясында 53 азамат тұрақты жұмысқа жолданды

Бос жұмыстар жәрмеңкесі аясында 53 азамат тұрақты жұмысқа жолданды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырумен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырлды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттер сарайында өткен жәрмеңкеде 30 мекеме 150 астам бос жұмыс орындарын ұсынып,оған 200 жуық азаматтар қатысты. Солардың бірі қала тұрғыны Айнұр Наурызбаева. Қос дипломын қолына ұстаған азаматша осы жәрмекеден екі бос жұмыс орнына жолдама алып, үміттеніп отыр.
«Мамандығым-заңгер, белгілі себептермен 2-3 жыл жұмыссыз отырып қалдым. Енді жұмыс іздеп біршама жерлерге түйіндеме қалдырдым, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Жұмыс таба алмаған соң әлеуметтік желіден жәрмеңке ұйымдастырылатынын естіп келдім. Осы жәрменкеден үмітім зор»,-дейді Айнұр Наурызбаева.
Бұл жәрмеңке «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» акциясы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
«Шараның мақсаты жұмыссыздыққа жол бермеу, жұмыссыз азаматтарға қажетті мамандықтар таңдауына сондай-ақ, жұмысқа орналасуына ықпал жасау. Азаматтар келіп, осы шараға қатысып жатқан мемлекеттік құрылымдар бар, жұмыс беруші мекеме мамандарымен жүздесіп, пікірлесіп, осы бағдарламаның бағыты бойынша тиісті кеңес алуда», -деді облыстық партия филиалы, қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов.
Жәрмеңке нәтижесі бойынша 49 азаматқа жолдама беріліп, 53 азамат тұрақты жұмыс орнын нақтылады.

15 наурыз 2019 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области