Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда Рабиға Шалабаеваның атына көше берілді

Қармақшыда Рабиға Шалабаеваның атына көше берілді

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде қилы кезеңдерде батылдық пен батырлықтың ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Рабиға Шалабаеваға көше атауы берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Отан соғысы жылдарында елде басшылық қызметтер атқарған жастың бірі – киелі топырақтың төл перзенті, аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған қайраткер Рабиға Шалабаева болатын. Оның тағдыры Шығыс жұлдызы Ғанидың ғұмырымен ұқсас екені белгілі.
«Қазақ қыздарына тән мықтылық, қоғамшылдық, батырлық қасиеттер Рабиға апамыздың бір бойынан табылатын. Еселі еңбек ете жүріп, ол мемлекеттік марапаттарға ие болды. 1939 жылы Қазақ КСР-нің құрылғанына 20 жыл толуына орай Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасына ие болса, 1939-1943 жылдары аудандық кеңес депутаты болып сайланды. Рабиға апамыз 1943 жылы небәрі 22 жасында ауыр науқастан дүние салады. Ол ауданда жастар белсенділігінің артуына айтарлықтай үлес қосты», – дейді інісі, еңбек ардагері Сәдуақас Шалабаев.
«Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанованың айтуынша, Рабиға Шалабаева сияқты өнегелі өмір сүрген, бірақ уақыт көшімен ұмытылған, еңбегі ескерусіз қалған қайраткерлер туралы мәлімет табылды.
«Қазіргі уақытта біздің облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі осы мәліметтерді жинақтап, рет-ретімен елге жариялауға бағыт алып отыр», – дейді А.Божанова.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылар ізгі тілектестіктерін білдірді.
18 наурыз 2019 ж. 397 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области