Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәдениет ауылындағы жер дауы

Мәдениет ауылындағы жер дауы

Қызылордада ауыл тұрғындары мен инвестор жер дауын шеше алмай отыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысындағы Мәдениет ауылында жер дауы. Тұрғындар 7 жыл бұрын инвесторға сеніп тапсырған жер алқаптарын қайтара алмай келеді. Қалталы азаматтың қалың бұқарамен мәмілеге келетін түрі жоқ. Амалы таусылған ауыл адамдары енді құқық қорғау органдарына жүгінбек.
Мәдениет ауылынының тұрғындарына жер алқаптары 2004 жылы 49 жылға жалға берілген. 2012 жылы елді мекеннің ел жұрты өз үлестерін инвесторға сеніп тапсырған. Үлес пайда бір қап күріштен аспай қалды. Осылай деген көпшілік инвестордың игілігін көре алмадық деп дүрлігіп отыр.
«Шалымның жері бар, өзімнің жерім бар, ұл-қызымның жері бар. Былтыр 5-6 қап күріш берді. Кеше 5-6 қап күріш берді. Сосын ол Шәкейді де, әкейді де көрмейміз. Я, ешнарсе көргеніміз жоқ», - дейді ауыл тұрғыны Жақсыгүл Пазылова.
Үлеспұлдан түк шықпаған соң 35 отбасы өз жерлерін қайтарып алып, жеке кооператив құрмақ болыпты. Олар көктемгі егіс басталмай тұрып, бір ай бұрын инвесторға жазбаша түрде ескертеді. Тіпті, өкілдерін жіберіп, шаруа басшылығына тілек-талаптарын жеткізген. Алайда инвестордан әлі жауап жоқ көрінеді.
«Ол кісіде 250 гектар егістік жер бар енді. Содан 70 гектардайы боп тұр біздікі, 35 үйдікі ғой. Соны бізге бөліп бермей тұр. Ауыл әкіміне де арызданғанбыз. Ауыл әкімінен де еш нәтиже жоқ», - дейді ауыл тұрғыны Қанат Оразов.
 
«Кездескен сайын сұраймыз ғой, айналайын-ау, не болып жатыр? Күріш ектің бе? Өнім бар ма? -Ойбай, күріш еге алмай жатырмын. Техника болмай тұр. Ақша жоқ. Тұқым керек, анау-мынау сылтау айтады», - дейді ауыл тұрғыны Балтабек Иенбаев.
Сыр өңірінде күн жылынып, егістікке қолайлы сәт туды. Шалғайдағы шаруалар дәл қазір дән сіңіретін уақыт екенін айтады. Ал телефон арқылы тілдескен инвестор тұрғындардың пай үлестерін қайтаруға дайын екенін айтты. Бірақ, қарызға белшеден батқан шаруаның дүние-мүлкі, жер алқабына түгел тыйым салынған екен. Сондықтан тұрғындардың жерін қайтару әзірге мүмкін емес дейді.
«Элеватордан 2015 жылы алған қарыздарымды қайтара алмауыма байланысты жерім мен мүлігімде экономикалық сот арқылы тиым салынып қойған, сот арқылы. Жылда мен сол қарызды өтеп жатырмын, бүгінгі күнге элеваторға нақты қалғаны 1 миллион 150 мың 50 теңге. Биылғы күзде жауып, аресттен шығарамын ба деп ойлап отырмын. Аресттен шығарамын, шығарған күні бөліп беремін», - дейді «Дөйт» шаруа қожалығының басшысы Шақизада Мұстафаев.
Жалағаш ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары ауылдықтардың әзірге жер үлестерін ала алмайтынын растап отыр. Оған қоса облыс бойынша көктемгі егіс науқаны да басталып кеткен. Әйтсе де әкімдік өкілдері биылдан бастап дән сеппеген егістік танаптары мен арендалық мақсаты сақталмайтын алқаптарды қайтарып алуға қақысы бар екенін айтады.

20 наурыз 2019 ж. 452 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области