Қызылордалық оқушылар білім бәсекесінде үздік үштіктен көрінді
Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жабылуы салтанаты өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Онда жеңімпаз оқушылар мен мұғалімдер марапатталды. Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебековаға, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Қарлығаш Дауылбайқызына және олимпиаданың жоғары деңгейде атсалысқан білім саласының қызметкерлеріне білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары табысталды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға іріктеу кезеңдердің 663 жеңімпаздары мен жүлдегерлері бес күн ішінде ең мықтыны анықтау үшін зияткерлік жарысқа қатысты.
Білім бәсекесінде алтын медаль саны – 52, күміс медаль - 87 және қола медаль - 149.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қоса, бірнеше номинациялар тағайындалған. Олар:
«Олимпиаданың ең жас қатысушысы - 2019» - Афанасьева Диана («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ);
«Ең үздік ауыл оқушысы - 2019» - Тұрғалиева Айжан (Батыс Қазақстан облысы);
«Ең үздік ауыл мұғалімі - 2019» - Нугманова Гульдана Максимовна (Батыс Қазақстан облысы);
«Полиглот» - Анат Нурсултан (Алматы облысы) және Ахвердиеви Эдип (Маңғыстау облысы);
«Ең үздік шығарма» - Базарбек Бекжан (Абай атындағы РММИ);
«Абсолютті жеңімпаз» - Мельник София (Павлодар облысы);
«Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясының І дәрежелі дипломымен – Павлодар облысы және Нұр-Сұлтан қаласының командасы, ІІ дәрежелі дипломымен – Қызылорда облысы, Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы, ІІІ дәрежелі дипломымен – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ақтөбе және Қарағанды облыстары, «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ-ның командалары марапатталады.