Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті

Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті

Қызылордада «Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» атты ұранмен бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Өңірде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына қарасты 272 бастауыш партия ұйымы бар. Оған 51 мыңнан астам партия мүшелері топтасқан. Олар елорда атауының өзгеруін толық қолдап отыр.
Айт кету керек «Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» атты ұранмен өткен форумға 300-ге жуық нұротандық қатысты. Олар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсізмемлекет ретінде қалыптасуына сіңірген еңбегін жан-жақты саралап, кешегі Астананың шағын қалашықтан, әлемдегі алдыңғы қатарлы қалалар санатынан орын алуы Тұңғыш Президент идеясының жемісі екенін айтты. Сондықтан, елордаға Елбасы есімін беру, «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту тарихи және әділ шешім дейді олар.
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жаңа астана еліміздің барлық аймақтарын стартегиялық тұрғыда біріктіре отырып, оңтүстіктен солтүстікке жаңа демографиялық көш түзегендігін және бұл жетістіктер Елбасының бастамасымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге асырылғандығын ерекше атап өтті.
Ал, облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесі бюросының мүшесі, облыстық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Наурызбай Байқадамов тәуелсіздік жарияланып, деребес ел ретінде құрылуымыз сын сағатына түскен сәттен бергі Тұңғыш Президентіміздің саясаткерлік қырыларын тізбектеп еске салды.
Жиында ортақ ой, келелі пікір айтушылар аз болмады. Мәселен, партия ардагері, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты ел арасында, әлеуметтік желілердегі түрлі пікірлердің болу себебі –мәселенің парқын терең түсінбей,жан-жақты зерделемей, ақыл мен парасатқа жүгінбей, тек эмоцияға берілу деп түсінетіндігін жеткізді.
Форум соңында бас қаламызды «Нұр-Сұлтан» деп ауыстыру жөніндегі шешімді бір ауыздан қолдаған нұротандықтар атамекен әнін шырқап, жақсы көңілмен тарқасты.

29 наурыз 2019 ж. 437 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области