Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАМ ДЕСЕҢ – ЕРЕЖЕ САҚТА

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАМ ДЕСЕҢ – ЕРЕЖЕ САҚТА


    Әр жылғы жылу маусымында  жылу пештеріндегі ақау апатты жағдайларға себеп болып жатады. Сондықтан да, пештер мен мұржаларды тазалап, жөндеп, әктеп, жарылған жерлерін сылап тұру керек. Түтін жолдары мен мұржалары зақымданған және қабырғасы жарылған пештерді пайдалануға жол берілмейді. Пеш пен түтін құбырының арасын қосып тұрған орындары ағаш шатыр мен аралық жабындарына тимейтіндей етіп,  қалыңдау етіліп, кірпіштен қалануы қажет.
    Пештер мен каминдерде өртке қарсы нормаларда белгіленген ережеге сәйкес ара қашықтығы мен бөлігі болуы тиіс – мұржаның ішкі ара қашықтығы ғимараттың жанғыш элементтерінен  кем дегенде 50, ғимарат конструкцияларынан 38 см-ге дейін  қашықтықта болуы керек.
    Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оның қасына баланы тастап кетуге болмайды.  
    Өрт оқиғасы орын алмас үшін пеш алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50х70 см металл немесе қаңылтыр төсеу қажет. Пешті қатты қызып кетпес үшін күніне бір жарым сағат көлемінде екі-үш реттен артық емес уақытта жаққан жөн.
    Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағу барысы жұмыс аяқталардан 2 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс, ал емханаларда және басқа да нысандарда тәулік бойы адамдар болатындықтан науқастардың ұйқыға жатар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы керек.
    Балалар мекемелерінде балалардың күндіз мекемеде болуына орай олар келгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын жағылып болуы қажет.
    Тауарлар, стеллаждар, витриналар, сөрелер, шкафтар және басқа да құрал-жабдықтар пештен кемінде 0,7 метр, ал оттық  саңылауларынан - 1,25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.  Металл пештерді пайдалану кезінде құрал-жабдықтар металл пештерді дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығына сәйкес металл пештен кемінде 2 метр қашықтықта орналасқаны жөн.
    Жанған оттан шыққан күл мен шоқ сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз орынға шығарылады. Пеш қабырғасында жарылу орын алмас үшін мұржаны мезгіл-мезгіл күйе мен ыстан тазартып тұру керек.  
    Қызылорда облысы ТЖД
    мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

29 қараша 2017 ж. 666 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области