«Бізге неге басқа мама іздеп жүрсіз?» Нұрлан Қоянбаевтың баласы киноға анасы түскенін қалайды
Режиссерлік қабілетімен көрініп жүрген танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев алты жасар ұлының қызық сұрақтарын айтып халыққа күлкі сыйлады, деп жазады «Жұлдыздар әлемі».
«Бизнес по казахский в Америке» комедиясын көрген Қоянбаевтың ұлы, әкесіне өкпелеп қалған көрінеді. Актриса Гүлназ Жолановаға сценарий бойынша сақина салып, ұсыныс жасаған әртіс баласының сұрағына не деп жауап берерін білмеген.
«Алты жасар балам, «Неге басқа мама іздеп жүрсің, бізге басқа мама керек емес, біздің мама ұнамай жүр ме? Неге мама киноға түспейді?» деген сұрақтар қояды деп Қоянбаев ағынан жарылды. Әзілкеш әке оның шынайы өмір емес екенін барынша айтып түсіндірген.