Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Улан-Батор қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді

Улан-Батор қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ҚР Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен Моңғолия Республикасы, Улан-батор қаласында ағымдағы жылдың 3-5 маусым күндері сауда-экономикалық миссия өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Шараның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, тікелей байланыс орнату, сондай-ақ екі жақты кездесулер өткізу.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ҚР Сыртқы сауда палатасы – жабдықталған мәжіліс залды жалға алу; түскі ас, кофе-брейк ұйымдастыру; Қазақстандық қатысушылардың жатын орнын (әр кәсіпорыннан 1 адамға және сауда-экономикалық миссиясы өтетін күндері ғана); Қазақстандық қатысушыларды тасымалдау – шығындарын өтейтін болады. Ал қалған барып-келу, тәуліктік шығыстарды қатысушы өздері өтейді.
«Моңғолия Республикасы, Улан-батор қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға кәсіпорындарды шақырамыз», – делінген басқарма таратқан ақпаратта.
03 сәуір 2019 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области