Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахыжановтың Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ұжымымен кездесті

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахыжановтың Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ұжымымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахыжанов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездесті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Кездесу барысында «Археология және этнография» ҒЗО көрме залының, IT саласыменстуденттердің стартап-жобасына арналған көрменің, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залының таныстырылымы өтті.
Кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасына Елбасы кітапханасының атынан 300-ден астам кітап тарту етілді. Олардың қатарында Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, ҚР Тұңғыш Президентінің 1990-2016 жылдар аралығындағы қызмет хроникасы, Елбасының ресми өмірбаяны, отандық, шетелдік авторлардың Ұлт көшбасшысы туралы жазған кітаптары, қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени тақырыптағы кітаптар бар.
Кездесу «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының аясында өтіп отыр. Қызылордада 5 cәуірде бастау алған жобаға ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шаралар кіреді. Бағдарламаға сондай-ақ Қызылорда облысының аудандарында өтетін көшпелі экскурсиялар да кіреді. Жоба аясында ұйымдастырылатын ең маңызды шаралардың бірі – Тәуелсіз мемлекетіміздіңтарихындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін ашатын қор көрмесі болып отыр. Қызылорда облысында өтетін «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі 2019 жылғы маусымның ортасына дейін жалғасады.

08 сәуір 2019 ж. 488 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области