Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ішіп алып көлік жүргізген жаңақорғандыққа айыппұл салынды

Ішіп алып көлік жүргізген жаңақорғандыққа айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева брифинг өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.Брифинг барысында Ә.Түбекбаева сотталушы Н.-ға қатысты істің мән-жайын айтып өтті.
Айыпталушы Н. соттың 2016 жылы 2 қарашасындағы қаулысымен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Осындай шартты жазасына қарамастан ол биылғы жылдың ақпан айында Жаңақорған кенті Тәуелсіздік көшесі бойында мас күйінде автокөлік басқарған.
Медициналық қорытындының нәтижесі бойынша айыпталушы «орта» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды.
«Ол өзінің заң бұзушылық әрекетін толық мойындап, оның бұл қылмыстық әрекеті дәлелденген. Сот үкімімен айыпталушы Н. көлік басқаруға құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни, 75750 теңге айыппұл салынды», - деді Ә.Түбекбаева.
11 сәуір 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области