Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзған 180 шетелдік ұсталды

Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзған 180 шетелдік ұсталды

Қызылорда облысында «Нелегал-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Шараның алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 180 шетелдік ұсталды. Оның ішінде 5 Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды. Сондай-ақ шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған 14 аймақ тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Нелегал» шарасы облыс аумағында 4 күнге жалғаспақ.
«Заңды бұзғандардың көпшілігі бұл шетел азаматтарының ішінде Өзбекстан Республикасынан келген азаматтар болып табылады. Құжаттарын дер кезінде заңдастырмай, еңбекке рұқсат алмай жұмысты жүзеге асырып жатқандықтан осындай іс-шара барысында ұсталып, барлығы заң бойынша жауапкершілікке тартылады», - дейді облыстық полиция департаментінің КҚҚБ арнайы взводының инспекторы Ғабит Балқожаев.
11 сәуір 2019 ж. 357 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области