Ауылдағы бассейн
Шиелі ауданына қарасты Гигант ауылдық округінде заманауи үлгідегі «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейіні өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілген болатын, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа спорт кешені суды жылытатын және тазартатын ең соңғы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. Мұндағы үлкен бассейіннің ұзындығы 25, ені 12 метр. Ал кіші бассейін 9х5 метрді құрайды.Ауыл ішінде салынған бассейн барлық стандарттарға сай етіліп жасалған. «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейіннің жалпы құны 180,1 млн теңгені құрайды.
Ауыл тұрғындарының игілігіне салынған бұл спорттық сауықтыру кешені жеке кәсіпкер Ғалымжан Ерекеевтің жеке қаражатына салынған. Қазіргі таңда «Бастау» сауықтыру кешенінде 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Сондай-ақ, ғимаратта аудан тұрғындары үшін бассейіннен басқа кең, әрі қолайлы жаттығу және теннис залы бар. Сонымен қатар демалыс орны, үлкен және кіші жузу алаңы, массаж бөлмесі, асхана, монша да бар.
Спорттық сауықтыру кешен ауылда спорттың дамуына ғана емес, тұрғындардың денсаулығына сүбелі үлес қосатыны анық.