Университетте қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қолөнер көрмесі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Көрмеде әрбір ұсынылған туынды табиғи шикізаттардан, тұрмысқа қажетті мүліктер, әшекей-бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композиция ретінде жасалынған. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Көрменің мақсаты да осы, яғни білім алушылардың еңбектерін көрсете отыра, келушілер арасында салт-дәстүрді насихаттап, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға баулу.

