Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 дүркін әлем чемпионы Әсел Дәлиеваның тоғызқұмалақ туралы жаңа кітабы жарық көрді

8 дүркін әлем чемпионы Әсел Дәлиеваның тоғызқұмалақ туралы жаңа кітабы жарық көрді

Kyzylorda-News.kz. Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 8 дүркін Әлем чемпионы, еліміздегі 100 жаңа есім жобасының иегері, Түркістан облысының спортшысы әрі бапкері Әсел Далиеваның ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ туралы жазған кітаптары жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кітаптарының ішіндегі «Шеберлер талдаулары» атты еңбегі қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылған.
Автордың өзінің айтуынша кітап жалпы оқырмандарға арналған. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ ойынын үйренем деген барлық талапкерлерге табылмас оқу құралы.
«Бұл кітапты жазудағы басты мақсатым - төл ойынымыз тоғызқұмалақтың дамуына, өркендеуіне азда болса өз үлесімді қосу. Ұлттық ойынымызды ұлағаттау. Осы кітап арқылы мыңдаған жас ұрпаққа ойын ережелерін үйрету. Тоғызқұмалақ ойынына баулу. Бұл кітап тоғызқұмалақ үйренем деушілерге таптырмас құрал», - деп атап өтті Әсел Дәлиева.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әсел Дәлиеваның Анталия қаласында өтетін тоғызқұмалақтан V әлем чемпионатында ел намысын қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.
Кезекті әлемдік дода 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтеді.
19 сәуір 2019 ж. 810 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области