Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 22 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

22 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Ұлттық парктер мен қорықтар күні
Табиғатты қорғау бойынша ауқымды халықаралық акция. Ұлттық парктер мен қорықтарды және табиғи ескерткіштерді қорғауға шақыратын және жыл сайын өткізіліп тұратын шара.
1985 жылы Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.
1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды.
2009 жылы БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы 32 серіктес ұйыммен бірлесе отырып, Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ашты. Бұл кітапхананың қорын кез-келген оқырман пайдалана алады. www.wdl.org сайтында мәдениеттің бірегей туындыларымен, қолжазбалармен, карталармен, сирек кездесетін кітаптармен, фильмдермен, аудиожазбалармен және фотосуреттермен танысуға болады. Олардың ішінде ежелгі қытай мәтіндері, арабтың ғылыми трактаттары, 764 жылғы «Hyakumanto darani» жазбасы және басқа да мәдени құндылықтар бар. Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ағылшын, араб, испан, қытай, португал, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.
2016 жылы Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды. Ашылу рәсіміне қатысқан Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани Ақтөбе облысына зор қызығушылық танытып отырғандығын айтты.
22 сәуір 2019 ж. 402 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области