Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2-3 пайызбен ипотека беру мамырда басталады

2-3 пайызбен ипотека беру мамырда басталады

Kyzylorda-News.kz. Көпбалалы отбасыларға баспананы 2-3 пайыздық несиемен беру шаралары мамырда басталады. Бұл туралы Парламент Мәжілісініңи жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту үшін Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарызын берудің жеңілдетілген тетігін әзірлеуді де тапсырды. Осыған байланысты жылдық екі пайызбен баспана қарызын алу үшін қандай шарттар көзделген? Сонымен көпбалалы отьасылар үшін жеңілдікті тұрғын үй қарызын беру қашан басталады?», - деп сұрады депутат Бақытбек Смағұл.
Өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова қазіргі уақытты бұл мәселенің қаржылық негіздемесі жасалғанын атап өтті. «Қазіргі таңда ол экономикалық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қайтадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұлдағаннан кейін, барлық тиісті құжаттарды рәсімдейміз», - деді ол.
Жанар Жұбаниязованың айтуынша, әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және де мүгедек балалары бар отбасылардың екі пайыздық несиеге баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді.
«Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің ойымызша, мамыр айының аяғына таман несие беруді бастаймыз», - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 2 проценттік ипотека беру мәселесін қарыстыруды тапсырған болатын. Аталған несие нақты үш категорияға берілуі керек. Олар - көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар.
24 сәуір 2019 ж. 388 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области