Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық музей халыққа тегін қызмет көрсетуде

Облыстық музей халыққа тегін қызмет көрсетуде

Kyzylorda-News.kz. «Абзал и К» толық серіктестігі қала тұрғындары мен қонақтарын Сыр өңірінің тарихын танып, этнографиясымен танысуға шақырады. Белді компанияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өз жеріңді танып біл» атты акция ұйымдастырылуда. Акция барасында 22-26 сәуір аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты қалалық филиалдар халыққа тегін қызмет көрсетеді.
Қайырымдылық акциясының алғашқы күнінде қаладағы М.Сужиков атындағы №6 мектеп оқушылары, көпбалалы ата-аналар және жалпы қала тұрғындары музей экспозицияларын тамашалады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи-өлкетану музейін тамашалап, аймақтың тарихымен танысуға демеушілік жасап, мүмкіндік беріп отырмыз. Компанияның 25 жылдығы қарсаңында мұнан да басқа шараларды ұйымдастырып жатырмыз. «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп «Эко-интеллект» жобасын қолға алдық. Яғни, жастар мен қала тұрғындары демалыс күндері жиналып қаламыздағы тарихи ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргіземіз», – дейді «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ерәлиев.

24 сәуір 2019 ж. 370 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области