Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Эко челлендж» өтті

Қызылордада «Эко челлендж» өтті

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы департаменті қызметкерлері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында «ЭКО челлендж» шарасын өткізді.
Аталған шара барысында қызметкерлер жеміс ағаштары мен раушан гүлдерінің көшеттерін отырғызды.
Аймақты көркейту-көгалдандыру бағытында қолға алынған игі шара кезінде 25 түп раушан гүлінің көшеттері балалар ауылының кіреберісіне отырғызылса, 50 түп шие мен 50 түп өрік әрбір үйдің ауласына отырғызылды.
«ЭКО челлендж» шарасының мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында экологиялық мәдениетті нығайту, қоғамдық жұмыстарға және қайырымдылық іс-шараларына белсене атсалысуға шақыру болып табылады.
«Осы эко челлендж басқа мемлекеттік органдарға, басқа аймақтарға жолданатын болады. Бұл шара бүкілхалықтық бір сипат бергенді қалаймыз. Біздің бұл шарамызға «Атамекен» балалар ауылындағы тұрғындардың барлығы түгел қатысып, өздерінің ағаштарын егіп жатыр. Кейін ағаштардың түбіне белгі қою ойымызда бар», - дейді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Шара барысында жеміс көшеттерін отырғызуға әрбір үйдің балалары да атсалысты. Олар бұл шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, челлендж одан әрі де өз жалғасын тапса деген ойларын жеткізді.
«Біздің ауылымызға мемлекеттік қызмет істер жөніндегі департаменттің қызметкерлері келіп, ауылды көгалдандыруға атсалысуда. Олардың бұл игі ісі үшін біздер алғыс айтамыз. Мұндай шаралар елімізде көп болса деген ниетім бар», - дейді «Атамекен» ауылының тұрғыны Родион Лебедев.
Қызылордалық департамент қызметкерлері эко челленджді Қызылорда облысының аппараты, облыстық кірістер департаменті және агенттіктің Түркістан облысындағы аймақтық департамент қызметкерлеріне жолдады.




24 сәуір 2019 ж. 796 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области