Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халық қалаулылары балалар орталығының жұмысымен танысты

Халық қалаулылары балалар орталығының жұмысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде жұмыс сапарымен болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Наталья Жұмаділдаева, Балайым Кесебаева мен Нұржан Әлтаев Талсуат ауылдық округінде орналасқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының жұмысымен танысты.
«Орталық Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесі атқарушы комитетінің 1990 жылғы 19 қыркүйектегі «Қызылорда қаласында балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйін ашу» туралы шешімен құрылған. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық және жартылай стационарлық 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік көмектер көрсетеді. Жалпы орны 150 адамға шақталған. 100-і стационарлық, ал 50-і жартылай стационарлық қызметке арналған. Нақты кезеңде 100 балғын көмек алып жатыр»,-дейді мекеме басшысы Айгүл Шамшатова.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға медициналық, әлеуметтік жағдай жасауда ғимараттың қызмет көрсетуге арналған әрбір бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда негізінен ДЦП, РОПЦНС, эпилепсия, Дауна, гидроцефалия аурулары сондай-ақ, ақыл – есінің ауытқушылығы бар науқас балалар емделеді. Қазір стационарда - 64, ал жартылай стационарда - 46 мүмкіндігі шектеулі балғындар тәрбиеленіп, ем алуда.
Мекеме басшысы сондай-ақ, балғындарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер жайында да айтып өтті. Оның айтуынша орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай, олардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық, денсаулығын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық, психологиялық жай-күйін түзеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін дамытуға әлеуметтік-педагогикалық, бос уақыттын ұйымдастыруға әлеуметтік-мәдени, өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық сонымен бірге заңды құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі.
Жалпы нәтиже жаман емес. 2016-2018 жылдарда орталықта ем алған 30 азамат отбасына сауығып оралған. Өзіне-өзі қызмет көрсетуі жақсарғандар саны 34, дене қимыл қозғалысы жақсарғандардың саны 69, сол секілді қосалқы тірек аппаратын тастап, керслодан аяққа тұрғандардың саны 15-ті құрайды.
Мәжіліс депутаттары орталық қызметімен танысып қана қоймай, нәтижелі жұмыс атқарып отырған сала қызметкерлерімен де тілдесті. Онда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға соның ішінде балғындарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді жан-жақты сөз етті.Осы орайда әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары үшін орталықтың қызметіне оң баға берді.
«Біздер бірнеше күнен бері облыстағы бірқатар аумақтарда болып, шалғай елді мекендердің де жағдайымен таныстық. Ол жерлерде де түрлі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілгендігін көзімізбен көрдік. Мына балалар орталығы бұл мүмкіндігі шектеулі балғындарымыз үшін өте қажет дүние. Мұнда барлық жағдайлар жасалған екен. Ұжым қызметкерлерімен тілдескенімізде шешілмейтіндей еш проблемма жоқтығын алға тартып отыр. Сондықтан орталық жұмысына тек сәттілік тілейміз. Ал облыс бойынша жергілікті тұрғындармен кездесу барысында байқағаным ол арнаулы әлеуметтік көмектің есептелуіндегі мәселелер. Біз бұл мәселелер бойынша үкіметке ұсынатын боламыз,- деді мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев.
Қосымша ақпарат: орталық 2018 жылы республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі байқауда «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясын иеленген.
06 мамыр 2019 ж. 476 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области