Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 10 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

10 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1994 жылы «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытында республикадағы тұңғыш платина құймасы алынды. Тазалығы 99,95, жалпы салмағы 14 келі болатын алғашқы өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді.

1998 жылы Алматыда Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) V саммиті өтті. Саммитте көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттары анықталған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Алматылық декларациясы қабылданды.

2007 жылы «Бурабай» ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның емдік-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заманға сай жобамен салынған емдеу орталығында компанияның мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлері өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады. Шипажайда демалу, жүрек-қолқа және тірек-қимыл жүйелері аурулары бар адамдарға барлық мүмкіндіктер жасалған.

2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердымухамедов Ақордадағы келіссөздер барысында Ақтауда Түрікменстан және Түрікменбашыда - Қазақстан консулдығын ашу туралы келісім жасасты.
10 мамыр 2019 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области