Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұстазға құрмет

Ұстазға құрмет

Kyzylorda-news.kz. Саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, өмір бойы бір салада еңбек еткен ұстаз Құдайберген Жаңабергенов. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен ұлағатты азамат, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, МАНПО академигі.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 6 оқу ғимаратында Құдайберген Жаңабергенов атында дәрісхана ашылды. Білім саласының қайраткерлерін, ғалымдар мен белгілі ұстаздарды жастар ұмытпауы тиіс. Сондықтан дәрісхана атын беру ұлағатты ұстаз есімін ұмыттырмай, жастарға насихаттаудың бір тәсілі деуге болады.
Дәрісханада ғалымның өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпараттар, суреті ілінген. Ағартушы ұстаздың өзіндік орны бар. Оның физиканы оқыту әдістемесі ғылымына қосқан үлесі аса зор. 1990-2000 жылдары аралығында физикадан жоғары оқу орны студенттеріне арналған «Ваккумды алу және өлшеу», «Электроника негіздері», «Кванттық механика», «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі» және тағы басқа оқулықтары жарыққа шығып, ол студенттердің біліммен сусындауына үлкен үлесін қосқан. Көз майын тауысып жазған еңбегінің бағаланып, көзделген мақсатына жету-қай ғалымның да өмірлік мұраты. Ол ғылыми жұмыстарының қорытындысы бойынша 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты атанды. МАНПО академиктігіне сайланды. Жалпы Құдайберген Жаңабергеновтің өмірі өнеге. Әріптестері бұл күні ұстаз туралы естелік әңгімелерін айтып, игі дәстүрдің жалғасатынына қуаныштарын білдірді.

20 мамыр 2019 ж. 571 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области